«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 140008, Павлодар қ., Ломов көш., 64, телефон (8-7182) 67-36-65, Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер департаменті директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Қызметінің негізгі мәні – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.
Қызметтің мақсаты – құзыреттілікке бағытталған тәсілді іс жүзінде жүзеге асыру және өз өмірінің траекториясын құруда саналы тәсілге бағдарланған түлекті дайындау үшін білім алушының білім алуына қатысты субъективті ұстанымын қалыптастыру үшін жағдай жасау арқылы тәрбие жұмысы мен жастар саясаты жүйесін дамыту.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
- жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 1 жылдан 3 жылға дейін;
- білім беру саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасын білу.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш береді.
Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басын растайтын құжаттары (тексеру үшін түпнұсқа);
2) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (075у нысаны бойынша медициналық анықтама);
3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері (бар болса);
4) тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) қызмет бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы оның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер (анықтама);
7) конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;
8) еңбек қызметін растайтын құжат.
Конкурсқа қатысуға арналған құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі 2025 жылғы 01 тамыз (сағат 18.00 дейін)
Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде университеттің HR-қызметіне (каб. 226) тапсыру қажет, телефоны: 8 (7182) 67-36-65.
Ps: Құжаттар жоғарыда көрсетілген толық пакет болған жағдайда, электрондық нұсқасы сайтта және қағаз нұсқасы HR-қызметінде қабылданады.
Қадамдық нұсқаулық
1. https://tou.edu.kz/ru/ сайтында мәзірден «конкурсты» таңдау (жоғарғы оң жақ бұрыш);
2. Өтінім жазу;
3. Деректерді толтыру (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
4. Деректерді сақтау.
Техникалық сұрақтар бойынша 8-775-451-84-43 (Виталий)
HR-қызметіне 8(7182)67-36-65 (ішкі. 11-81, 11-87) ұялы 8-777-651-82-74 хабарласыңыздар
(Конкурсқа қатысуға өтініш үлгісі)
«Торайғыров университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
комиссия төрағасына
Техника ғылымдарының кандидаты
«Механика және мұнай газ» кафедрасының
қауымдастырылған профессоры (доценті)
Наталья Ивановна Петровадан
Мекен жайы: Павлодар қ. Катаев көшесі, 160 үй,
15 пәтер
Үй тел. 20-46-80
Ұялы тел. 8-700-000-00-00
Өтініш
Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер департаменті директорының лауазымына 2025 жылғы «22» шілдедегі tou.edu.kz/ru сайтында жарияланған хабарландыруға сәйкес бос орын бойынша конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
______________
Конкурсқа қатысушының қолы
__ . _____ 2025 ж.
өтініш жазылған күн
Некоммерческое акционерное общество «Торайгыров университет», 140008, г. Павлодар, ул. Ломова, 64, телефон (8-7182) 67-36-65, объявляет конкурс на замещение вакантной должности директора Департамента молодежной полититики и социальных вопросов.
Основным предметом деятельности является предоставление образовательных услуг в сфере высшего, послевузовского, технического и профессионального, послесреднего и дополнительного образования.
Целью деятельности является развитие системы воспитательной работы и молодежной политики путём реализации на практике компетентностно-ориентированного подхода и создания условий для формирования у обучающегося субъектной позиции относительно его образования, чтобы подготовить выпускника, ориентированного на осознанный подход в построении траектории собственной жизни.
Квалификационные требования к участникам конкурса:
- высшее или послевузовское образование;
- опыт работы на руководящих должностях от 1 до 3 лет;
- знание действующего законодательства РК в области образования.
Лица, желающие участвовать в конкурсе, подают заявление на имя председателя конкурсной комиссии.
К заявлению прилагаются следующие документы:
1) документы, подтверждающие личность (оригинал для сверки);
2) документ о прохождении предварительного медицинского освидетельствования (медицинская справки по форме 075у);
3) копии дипломов о высшем образовании, академической и ученой степени, документ об ученом звании (при наличии);
4) справка о наличии либо отсутствии сведений по учетам, выдаваемая Комитетом правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан о совершении лицом уголовного правонарушения;
5) копии сертификатов о повышении квалификации по направлениям деятельности (при наличии) и подлинники для сверки;
6) Сведения о совершении им коррупционного преступления посредством (справка) с информационных систем государственного органа, осуществляющего в пределах своей компетенции деятельность в области государственной правовой статистики и специальных учетов, или веб-портала "электронного правительства»;
7) участник конкурса вправе представить дополнительную информацию, касающуюся его образования, опыта работы, профессионального уровня;
8) документ, подтверждающий трудовую деятельность.
Срок окончания приема документов для участия в конкурсе 01 августа 2025 года (включительно до 18.00).
Дата и место проведения конкурса будут сообщены дополнительно. Вышеуказанные документы в установленные сроки необходимо представить в HR-службу университета (каб. 226), телефон: 8 (7182) 67-36-65.
Ps: Документы принимаются при наличии полного пакета, указанного выше, электронно на сайте и дополнительно в бумажном варианте в HR-службу каб. 226
Пошаговая инструкция
1. На сайте https://tou.edu.kz/ru/ в меню выбрать вкладку «конкурс» (правый верхний угол);
2. Подать заявку;
3. Заполнить данные (с прикреплением подтверждающих документов);
4. Сохранить данные.
По техническим вопросам обращаться по номеру 8-775-451-84-43 (Виталий)
В HR-службу по номеру 8(7182) 67-36-65 (вн. 11-81, 11-87) сот. 8-777-651-82-74
(Образец заявления для участия в конкурсе)
Председателю конкурсной комиссии
НАО «Торайгыров университет»
кандидата ветеринарных наук,
ассоциированного профессора (доцента)
Петровой Натальи Ивановны
Дом.адрес: г. Павлодар ул. Катаева, 160, кв. 15
Дом.тел. 20-46-80
Моб. тел. 8-700-00-000-00
Заявление
Прошу допустить к участию в конкурсе на замещение вакантной должности директора Департамента молодежной полититики и социальных вопросов в соответствии с объявлением на сайте tou.edu.kz/ru от 22 июля 2025 года.
______________
подпись работника
__ _______2025 г.
дата заявления
Құрметті «Торайғыров университеті» КеАҚ PhD докторлары мен докторанттары!
Түркияда ғылыми-зерттеу стипендиясы бағдарламасына өтінім қабылдау ашық деп жариялаймыз.
Докторлық диссертация жазу кезеңінде жүрген докторанттарды немесе докторантураны аяқтаған PhD докторларды аталмыш бағдарламада бақ сынауға шақырамыз. Бұл бағдарлама Түркияның жетекші университеттерінде ғылыми зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ зертханаларға, кітапханаларға және академиялық дерекқорларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ай сайынғы стипендия мөлшері – 25 000 түрік лирасы.
Қатысу шарттары:
1) Жасы 50-ден аспаған үміткерлер;
2) Қазақстанда немесе Түркияда PhD дәрежесін алған үміткерлер;
3) «Торайғыров университеті» КеАҚ-да докторантурада оқып жүрген немесе докторлық диссертация жазу кезеңіндегі үміткерлер (Түркияда оқып жатқандар қатыса алмайды);
4) Егер зерттеу барысында жеке деректер жиналатын болса (мысалы, сауалнама, фокус-топ, эксперимент және т.б.), университеттің этикалық комитетінен рұқсат қағазының болуы ;
5) Егер тарихи ескерткіштерге немесе археологиялық нысандарға қатысты зерттеу жүргізілген жағдайда құпия ақпарат қажет болса, тиісті мемлекеттік органнан ресми рұқсат алынуы міндеттеледі.
6) Түркия университетінен ресми шақырту хаты болғаны жөн. Егер ондай хат болмаса, өтінім беру және шақырту алу үшін International Office бөліміне, 115Б аудиториясына жүгініңіз.
Өтінім беру мерзімі – 2025 жылғы 10 қыркүйекке дейін.
Құрметпен,
International Office
Құрметті «Торайғыров университеті» КеАҚ қызметкерлері!
Түркияда университет қызметкерлеріне арналған сегіз айлық түрік тілі курстарына өтінім қабылдау ашық деп жариялаймыз. Бұл — түрік тілін меңгеру деңгейін арттыруға, Түркияның академиялық ортасымен танысуға және халықаралық ынтымақтастық әлеуетін кеңейтуге тамаша мүмкіндік.
Стипендия мөлшері: ай сайын 14 000 түрік лирасы.
Өтінім бере алатын үміткерлер:
1) Университетте немесе оның ғылыми-зерттеу институттарында/орталықтарында кемінде 3 жыл жұмыс істеп жүрген оқытушылар мен зерттеушілер;
2) Магистр немесе PhD дәрежесінің болуы құпталады;
3) Ағылшын тілін B1 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгеруі (сертификаттың болуы құпталады);
4) Үміткер 1985 жылдың 1 қаңтарынан кейін туған болу;
5) Түркия аумағында тұрмайтын және басқа Түркия стипендиялық бағдарламаларының қатысушысы болып табылмайтын тұлғалар.
Өтінім беру үшін International Office бөліміне (115Б аудитория) хабарласуыңызды сұраймыз.
Жұмыс уақыты: 09:00–18:00 (түскі үзіліс: 13:00–14:00).
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2025 жылғы 28 шілде.
Құрметпен,
International Office